11 шілдеде Павлодар облыстық кардиология орталығында артериялық гипертензия мен созылмалы жүрек жеткіліксіздігін диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне бағытталған кардиология бойынша көшпелі тренинг өтті.
Оқытуды Астанадағы UMC Жүрек орталығының жетекші мамандары өткізді. Бағдарламаға Павлодар облысы бойынша кардиологтар, терапевтер, жалпы тәжірибе дәрігерлері , сондай-ақ функционалдық және сәулелік диагностика мамандары қатысты. Мұндай көп салалы тәсіл өте маңызды, себебі бұл дәрігерлер пациенттерде жүрек-қан тамырлары патологияларымен алғашқы кездескен дәрігерлер. Көшпелі мектеп аясында эхокардиография бойынша практикалық шеберлік сабағы да өтті. Қатысушылар күрделі клиникалық жағдайларды талдап, озық халықаралық ұсыныстарды талқылап, облыс тұрғындарына медициналық көмектің сапасын арттыру үшін өздерінің күнделікті тәжірибелеріне жаңа білімді енгізе алды.


