

Бірқатар шетелдік азаматтарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді
15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ЕРІКТІ медициналық сақтандырумен, сондай-ақ ЖҮКТЕЛГЕН медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер ағымдағы жылдың 14 тамызында күшіне енді.
Еңбек заңнамасы және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты емханаларға тіркелу ережелері мен иммигранттарға медициналық көмек көрсету ережелері өзгерді. Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер тек ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар, ҚР-да уақытша тұратын шетелдіктерге – еңбек мигранттарына және олардың отбасы мүшелеріне (балалары мен жұбайларына) қатысты.
Жаңа қағидаларға сәйкес, бұл шетелдіктер емханаға ерікті медициналық шарт (ЕМС) немесе алғашқы медициналық-санитариялық және шұғыл стационарлық көмекке жүктелген медициналық сақтандыру шарты (ЖМС) негізінде тіркеледі. Кейін шарт жасасқан мерзімі өткен жағдайда медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады.
Емханаға тіркелу үшін оның басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжатты (немесе шетелдік паспортты), ЕМС немесе ЖМС шартын тапсырады. Олардың заңды өкілі өтініш берсе, отбасы мүшелерінің келісімі қоса берілуі керек. Өтініш беруші медициналық ұйымға өзі жүгіне алады немесе оны сақтандыру компаниясы жасайды. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі шарттың қосымшасында (ЕМС немесе ЖМС) көрсетілуі тиіс.
Айта кету керек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелуге болады.
ЕАЭО шартында шетелдіктердің денсаулық сақтау саласындағы құқығы ғана емес, міндеттері де жазылған. Олардың қатарына ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық скринингтерден уақтылы өту, әйелдерді жүктілік бойынша уақтылы есепке қою (12 аптаға дейін), созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды динамикалық байқау және т.б. кіреді. Сондай-ақ, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, республикада тұрақты тұратындарға ғана көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек ала алмайды.
ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін емханаға тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалады.
Қордың www.fms.kz сайтындағы «Емхананы таңдау» бөлімінде тіркелуге болатын емханалар тізімімен танысуға болады.
Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?
Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты есебінен берілетін болады.
Шетелдіктер, ТМД елдерінің азаматтары кенеттен болған жағдайлар мен олардың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек ала алады.
Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төнген және оны тасымалдау мүмкін болған сәттен бастап медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі. Бұл жағдайда қаржыландыру ТМККК қаражаты есебінен болады. 2000 жылғы 29 ақпандағы N 320 ҚРҮҚ бекіткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келісім медициналық көмек алуға негіз болады.
Бірге тұратын, ЕАЭО елдерінің бірінің (Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан) азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылар және олардың отбасының жақын мүшелері (жұбайы, балалары) алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден басқа МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болған кезде медициналық көмекті пайдалана алады.
МӘМС медициналық көмегін алу үшін шетелдіктерге алғашқы медициналық-санитариялық көмекке ерікті медициналық сақтандыру шарты қажет екенін білу маңызды. Келісім-шартқа ие бола отырып, мұндай шетелдіктер емханаға тіркеле алады
Егер еңбек мигрантының отбасы мүшелері жұмысқа орналаспаса, онда олар дербес төлеушілер ретінде МӘМС-ке жарналар төлеуі тиіс. Балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, мүгедектер, студенттер жеңілдік санатына кіріп, мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негіз болады
Бұл жағдайда медициналық көмек МӘМС, ЕМС қаражаты немесе шетелдіктердің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер медициналық көмекті ҚР азаматтарымен тең алады, бұл дегеніміз- ТМККК және МӘМС көлемінде ала алады (сақтандырылу мәртебесі болған кезде).
Шетел азаматтарының бұл санаты жеңілдікке енуі мүмкін. Негіздеме-Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс (83-бап). Қаржыландыру ТМККК және МӘМС есебінен жүзеге асырылады.
Бүгін Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы ұжымының VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Сұңқар Ислам Еркінұлымен жұмыс кездесуі өтті.
Жиында «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты
Ислам Еркінұлы өзі туралы, партияның атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Орталық қызметкерлері кадр тапшылығына, медицина қызметкерлерінің санаттарын жоюға, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелерге және т.б. проблемалық мәселелерді көтерді.
Барлық проблемалық мәселелер депутаттың назарына алынады. «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі бұл мәселелерді шешудің барлық мүмкін жолдарын мұқият зерделеп, оларды шешу үшін барлық қажетті шараларды қолға алатын болады.

ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" КМК ұжымы жалпы планерлік отырысында 2022 жылғы 25 мамырдан 2023 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді ішкі талдау нәтижелерімен танысты.
Аналитикалық анықтаманың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады: Аналитикалық анықтаманы
1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.
Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.