Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығы күндерін мерекелеу аясында бүкіл Павлодар облысы бойынша орта буын медицина қызметкерлері үшін «Науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі медбикенің рөлі» атты онлайн-форматта оқыту семинары өтті.
Тәрбиелік мәні зор шараға біздің кардиологиялық орталықтың медбикелері де қатысты.
Медбикелер – тәулік бойы 24/7 пациенттің жанында болатын кәсіби мамандар. Емдеу мекемеде мүмкіндігінше қауіпсіз және жайлы ортаның құрылуын анықтайтын олардың кәсібилігі, мұқияттылығы және нақты әрекеттері.
Семинар бағдарламасына мыналар кіреді:
Халықаралық қауіпсіздік стандарттары туралы ақпараттық презентация.
Өмірде болған клиникалық жағдайлардың егжей-тегжейлі талдауы.
Пациенттерге күтім жасау кезінде тәуекелдерді азайтудың негізгі факторларын талқылау.
Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық Орталығының Алматы қалалық филиалының бас медбикесі Әйгерім Қайратқызы Еркімбаева жүргізді.
Біздің қызметкерлерді үнемі оқыту медициналық көмектің жоғары сапасын сақтауға және өз денсаулығына сенетін әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


